Қазақты тарихымен қауыштырған қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ілияс Есенберлиннің туғанына бүгін 110 жыл. Ол қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман жазған қаламгер ретінде де белгілі. Жазушының шығармаларына бұған дейін мүлде көтерілмеген мәселелер арқау болды. Жазушының туған күніне орай облыстық кітапханада «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында «Тарихтың көркем суреткері» атты әдеби кеш өтті.
Ілияс Есенберлин кеңестік кезеңнің азуынан қорықпай қазақ тарихын сақтау жолында еңбегі ерен тұлға. «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас» сынды үш кітаптан құралған трилогиясы қазақ санасындағы өрлікті көркем сөзбен оятып, тарихымызды танытқан туындылары. Әлемнің 30 тілінде жарық көріп, 50 рет қайта басылған.
КҮЛАЙХАН РАХМЕТ АҚЫН, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:
- Бүгінгі менің баяндамам тақырыбы есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы және ұлтқа қосқан үлесі деп алдым. Бұл кісінің 110 жылдық мерейтойы тек облысымызда ғана емес, республика көлемінде тойланып жатыр. Өйткені бұл кісінің шығармалары әлемдік деңгейде 30 елдің тіліне аударылған. Ұлтқа қосқан үлесі зор.
Екінші дүниежүзілік соғыстың жалыны Ілияс Есенберлиннің де жастығын шарпып өткен. Майданда аяғынан жарақат алған соң кейінгі өмірін әдебиетке арнаған. Жекелеген шығармалары ағылшын, француз, қытай, неміс, араб, испан сияқты бірқатар шет тілінде жарияланған.
РОЗА ШӘКЕНОВА «AMANAT” ПАРТИЯСЫ СҚОФ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
- І. Есенберлин негізінен тарихи шығармалар жазумен қазақ әдебиетінде алатын орны бар. Бұрын көшпенділер шығармасын жатпай-тұрмай оқыған болатынбыз. Май шамның жарығымен оқып, оқушы кезімізде бір бірімізбен ой алмасатынбыз. Қазір жазушының аты ұмытылып бара жатқан сияқты. Сондықтан осындай шараларды көбірек өткізуқажет деген тойдамыз.
I.Есенберлин қырыққа жуық ән мәтінін, 17 роман жазған. Ол — қазақ әдебиетінде алғашқы болып тарихи зерде тамырына қан жүгіртіп, ұлт рухын тірілткен тұлға.