Облыста полицейлер былтыр 770 келіден астам түрлі есірткі заттарын заңсыз айналымнан алды. Нәтижиесінде 132 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Биыл мәселемен күресу үшін өңірдегі мектептерде түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Петропавлдағы №4 мектепте мұғалімдерге есірткі қылмысы үшін заңмен қарастырылған жауапкершілік туралы айтылды.
Былтыр полиция департаментінің қызметкерлері 248 есірткі қылмысын анықтады. Заңсыз айналымнан 770 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. Айта кетейік, осы жылдан бастап есірткі бизнесін құрғандарға жаза күшейтілді.
ЗАРИНА ПОПОВА, СҚО ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
- Президент есірткі таратушылардың жазасын жеңілдетіп, ал есірткі зертханаларын, интернет-дүкендерді ұйымдастырушыларға жазаны қатаңдату туралы Заңға қол қойды. Мысалы бұрын есірткі тасымалдаушы 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылса, бүгінде ол 5 жылдан 8 жылға дейін азайған.
Бүгінде осы қылмыс үшін жазасын өтеп жатқан есірткі тасымалдаушыларға мерзімінен ерте шығуға мүмкіндік бар. Ол үшін заңды өкілі немесе адвокаты өтініш беріп, сот істі қайта қарайды. Петропавлдағы №4 орта мектепетегі кездесуде есірткіге байланысты түсіндірме қағаздары таратылды. Жиналғандарға есірткі түрлері мен олардың зияны туралы айтылды.
АЙСҰЛУ БЕКІМОВА, ПЕТРОПАВЛ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НҰСҚАУШЫСЫ:
- Бұл іс-шара биылғы жылы бірінші 4-ші мектепте өтіп жатыр. Жалпы мұндай кездесулерді әр түрлі форматта тұрақты түрде өткіземіз. Онда біз тұрғындарға, жастарға есірткіні пайдалану, тарату үшін жаза барлығын ескертіп, түсіндіреміз.
Жастар ресурстық орталығының өкілдері өңірдегі басқа мектептерге, колледждерге де бармақ, сондай-ақ қаладағы сауда орталықтарында да бұл жұмысты жалғастырады.