Бокстан Азия чемпионы Наталья Богдановаға құрмет көрсетілді. Өңір басшысы спортшыны жеткен жетістігімен құттықтады. Тілшіміз тарқатсын.
Облыс әкімдігінде Солтүстік Қазақстан облысына тарихи алтын алып келген спортшыға құрмет көрсетілді. Наталья Богданова бокстан Азия чемпионатында жеңіске жетіп, қарсыластарына мүмкіндік қалдырмаған. Жаңа жылдың басында облыс басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов спортшыны жеткен жетістігімен құттықтады.
Ғауез Нұрмұхамбетов, СҚО әкімі:
- Жыл басында жақсы себеппен жиналып отырымыз. Естеріңізде болса былтыр Қытайда өткен Азия ойындарында Бркстан қола медаль алғаны үшін Наталья Богдановаға құрмет көрсеттік. Жуырда Наталья Азия чемпионы аталды. Бұл үлкен барлығымызға жетістік. Баршаңызға осы жеңіс құтты болсын.
Наталья Богданова бокс және кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол спорттық жолын бастапқыда жеңіл атлетикадан басталғанын айтады. Тек жетінші сыныпта ол өмірлік жолы ретінде боксты таңдағанын жеткізді.
Наталья Богданова, бокстан Азия чемпионы
- Мен жетінші сыныпта спорттық жолымды жеңіл атлетикадан бастағанмын. Бірақ содан кейін басқа спортты көрейін деп шештім. Осылайша боксқа келдім. Бірінші жаттығуға барған соң бокс маған қатты ұнады. Сонымен қатар жеңіл атлетиканы да тастағын жоқпын. Бірақ кейін маған бір спорт түрін таңдау керек болды. Мен боксты тандадым. Бокс тек мінезді ғана емес, рухты да шынықтырады.
Наталья Богданованың жаттықтырушысы өткен турнирге дайындық қалай өткенін жеткізді. Оның айтуынша жиындар шамамен үш айға созылған. Соның барысында команда қарқынды жаттығу жасап, іріктеулер мен спаррингтердегі техникаларын мұқият дайындаған.
Дастан Қабденов, жаттықтырушы:
Әрине, біз бокстан Солтүстік Қазақстан облысы үшін тарихи жеңіс сыйлағанымызға өте қуаныштымыз. Алда биылғы жылы көптеген мақсаттар тұр. Бізде 2025 жылы әлем чемпионатына іріктеу болады. Егер бәрі жақсы болса, наурыз айында Сербияда әлем чемпионаты өтеді. Қазір біз екі күннен кейін Алматыға жиынға барамыз. Біз осы чемпионатқа дайындаламыз және жерлестерімізді де жеңісімізбен қуантамыз деп үміттенеміз.
Таиландтағы чемпионатта Наталья Богданова 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. Финалда ол жергілікті спортшыны 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Алтынға жету жолында Наталья жеңіске деген керемет ерік-жігер мен шеберлікті көрсете білген. Облыс әкімі спортшы мен жаттықтырушыны жеңісімен құттықтап, спорттағы жоғары жетістіктері үшін алғыс айтып, ақшалай сертификаттар табыс етті.
Натальяның жеңісі бұл тек өзінің жеке жетістігі ғана емес, бұл барлық аймақтың мақтанышы. Спортшы мен оның жаттықтырушысы қазірдің өзінде жаңа жоспарларды құруда.