Қызылжар ауданында тұратын зейнеткер жыл сайын балаларға арнап сырғанақ жасайды. Демалыс орнына Бескөл ауылының тұрғындары ғана емес, маңайдағы елді мекендер мен облыс орталығынан да меймандар барады. Юрий Краснопер бұл дәстүрді 6 жылдан бері жалғастырып келеді.
Қайсар Алматы қаласының тұрғыны. Бескөл ауылына атасы мен әжесіне қонаққа келген. Қыста Қызылжарға жол түссе, ағасымен бірге міндетті түрде сырғанаққа баратынын айтады.
Эльмира Кәленова, тілші:
- Сырғанақтың ұзындығы 150 метрге жуықтайды. Әсіресе демалыс күндері мұнда бала көп келеді. Бұл - Солтүстік Қазақстан облысындағы ең ұзын сырғанақтардың бірі.
Юрий Краснопер жарты ғасырға жуық уақыттан бері Бескөл ауылында тұрады. Алғаш рет 2018-шы жылы үйінің жанында үлкен сырғанақ жасаған. Балалардың мәз-мейрам болып ойнап жүргенін көру – қуаныш сыйлайтынын айтады.
Юрий Краснопер, зейнеткер:
- Зейнетке шыққан соң үйде бос жатпайын деп жылда сырғанақ жасауды қолға алдым. Ағаш қаңқасын көктемде бұзып алып, жинап қоямын. Қыста қайтадан сырғанақ жасауға пайдаланамын.
Биыл Петропавл қаласының «Орман шаруашылығы» ауданыда да әдемі сырғанақ пайда болды. Көршілер бірігіп шырша орнатып, балалар ойнайтын алаңқай жасаған.
Санжар Әбутәліп, оқушы:
Біз осы сырғанақты екі апта жасадық. Достарымызбен үлкендерге көмектесіп, енді қызығын көріп, күнде кәттеніп жатырмыз.
Аталған ауданда балаларға арналған алаңқай жоқ. Сондықтан сырғанақ жеткіншектердің асыр сала ойнайтын, ал ересектер балалық шағын еске алатын.