Мейрам қауіпсіз өтуі үшін қарапайым ережелерді естен шығармаған жөн. Мамандар әсіресе пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде абай болуға шақырады. Дұрыс қолданбау немесе мерзімі өткен отшашуды атудың соңы қайғылы аяқталуы мүмкін.
Жаңа жылды жарқыраған отшашусыз елестету мүмкін емес. Түрлі-түсті ойыншыққа көмкерілген шырша мен фейерверктер мейрамның сәнін келтіріп, көңіл-күйді көтеретіні рас. Десе де қауіпсіздікті естен шығармау керек.
АРМАН ӘБІЛКӘРІМ, СҚО ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ЛЕЙТЕНАНТЫ:
- Шыршаны безендіру кезінде целлулоидтв және басқа да тез тұтанатын ойыншықтарды пайдалануға болмайды. Шыршаны жылыту құралдарна ақын орнатпау керек. Өртке әкеліп соқтыруы мүмкін шамдар мен фейерверктерді қолданбаңыз.
Облыстық полиция департаменті пиротехниклық бұйымдар бойынша екі кезеңдік рейдтік іс-шара өткізіп жатыр. Алғашқысы желтоқсанның 5-і мен 12-і аралығында өткізілсе, екіншісі желтоқсанның 20-сы басталып, қаңтардың 3-іне дейін жалғаспақ.
ЕРБОЛАТ ҚАБЫРОВ, СҚО ПД ӘКІМШІЛІк ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
- Өткен кезеңде ҚР әкімшілік кодексінің 196-шы бабы бойынша 15 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, хаттамалар толытырылды. Самасы 650 мың теңгеге әкімшілік айыппұл салынып, өндіріліп алынды. 800-ден астам пиротехникалық бұйым алынды.
ЗПиротехниканы қолданған кезде темекі шегуге және оны көліктердің жанында атуға болмайды.