Айыртау ауданының өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында ерекше мереке өтті. Мұнда Жаңа жыл қарсаңында балаларға арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды. Оған аудан әкімі қатысып, балаларды мерекемен құттықтады.
Қазіргі таңда орталықта алты топта тәрбиеленіп жатқан 78 бала бар. Олар – ата-анасынан айырылған жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар және өмірде қиын жағдайға тап болған балалар. Мерекелік іс-шара балалардың жүзіне күлкі мен қуанышқа толы сәттерді сыйлады.
МЕЙРАМ МЕҢДІБАЕВ, АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Әр қашанда елімізге білімді маман, адал, потриот азаматтар керек. Сол себепті сіздерге айтарым жақсы оқыңдар, ерінбеңдер, күштеріңджі салыңдар.
Іс-шара барысында балалар өнер көрсетіп, мерекелік бағдарламаның басты кейіпкері – Аяз Ата мен Ақшақарды қуанышпен қарсы алды. Олар балаларға тәтті сыйлықтар тарту етіп, ақжарма тілектерін білдірді.
НАТАЛЬЯ ШЕФЕР, АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ ӨМІРДЕ ҚИЫН ЖАҒДАЙҒА ТАП БОЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
- Бүгін жаңа жыл қарсаңында біздің орталықта керемет әрі ғажайып ертегіге толы кеш өтіп жатыр. Бұл кеш балалар үшін үлкен қуаныш. Біз олардың әрқайсысына қамқорлық көрсетіп, жүректеріне мейірім сыйлауға тырысамыз. Осындай шаралар балалардың сенімін оятып, болашаққа деген үмітін арттырады.
Балалар орталығының жаңа жылдық кеші тек сыйлықтармен емес, мейірім мен махаббатқа толы жылылықпен есте қалды.