Өңірде жыл басталғалы 7 өрт тіркелді. Салдарынан 1 адам жарақат алды. Ал, жаңа жыл түні тыныш өткен. 7-қаңтар Рождество мейрамы. Сондықтан, құтқарушы мамандар әлі де барынша сақ болу керектігін ескертеді.
Жаңа жыл түнінде облыста 160-қа жуық құтқарушы маман күшейтілген режимде жұмыс істеп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Айта кетейік, былтыр өңірде 470-ке жуық өрт тіркеліп, 32 адам қаза тапты.
ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Біз құтқарушылар желтоқсан айында күшейтілген режимде жұмыс істедік. Басты мақсатымыз – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Тәуелсіздік күні және жаңа жыл мерекесі ешқандай оқыс оқиғаларсыз өтті. Өрт болған жоқ.
Құтқарушылар мереке кезінде жалғызілікті 4 адамның үйіне барып, көмек көрсеткен. Қайғылы оқиғаларға жол бермес үшін мамандар әрдайым туған-туыстармен және достармен хабарда болу қажеттігін айтады. Немесе сенімді деген көршілерге қосымша кілт беріп қойған жөн.
ОЛЖАС ЖҮНІС, СҚО ТЖД БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:
-Денсаулығына байланысты көптеген адамдар құлап, тұра алмай қалады. Сол кезде біз құтқарушылар олардың үйіне барып көмек көрсетеміз. Есігін бұзбас үшін, терезесінен кіреміз. Солайша, ішкі жағынан ашамыз. 01:30// Жалғыз тұрып жатқан туыстарыңыз болса, оларға жиі-жиі хабарласып қал-жағдайын біліп отырыңыздар.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында өрт сөндірушілер полицейлермен бірігіп, заңсыз тауардың сатылуына қарсы 80-нен астам рейд жүргізген. Нәтижесінде пиротехникалық заттарды заңсыз сатқан 16 адамға 733 мың теңгенің айыппұлы салынды.