Өңірде қысқы спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Жалпы облыста қысқы спорттың 10 түрі бар. Бүгінде онымен 12 мыңнан астам адам жаттығады. Солтүстікқазақстандықтар қысқы спорт түрлері бойынша республикалық және халықаралық аренада жақсы өнер көрсетіп келеді. Оған мүмкіндікте бар. Бұрынғыдай емес, түрлі спорттық кешендер салынып, спортшылардың алаңсыз дайындалуына жағдай жасалған.
Қысқы спортта қарқынды дамып келе жатқан спорттың бірі - конькимен жүгіру. Бүгінде ел намысын лайықты түрде қорғап жүргендедің бірі Қазақстан құрамасының мүшелері Кристина мен Алина Шумековалар. Спортшылар биыл Канвон қаласында өткен IV қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысып, конькимен жүгіру спортынан Әлем Кубогының күміс жүлдегерлері атанды. Мария Кузнецова да жасөспірімдер арасында Әлем Кубогының алтын және екі қола медалін жеңіп алды.
ОЛЬГА ИХТЕНДРИС, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:
- Бізде қол жеткен нәтижиелеріміз өте жоғары. Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері өте көп. Әрбір олимпиада да солтүстікқазақстандық спортшыларымыз үнемі бой көрсетіп жүр.
Жақында яғни 19-21 желтоқсан аралығында Астана қаласында конькиден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ол алдағы Азия ойындарына іріктеу кезеңі ретінде өтті. Ел намысын қорғауға 5 солтүстікқазақстандық жолдама алды. Енді спортшыларымыз 2025 жылдың 7-14 ақпанында Харбин қаласында өтетін Азия чемпионатына дайындықты бастайды.
ОЛЬГА ИХТЕНДРИС, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:
- Осы жерде дайындаламыз. Бірақ ауа райына байланысты кейде мүмкіндік болмайды. Себебі мұз айдыны жабық емес. Көбіне командамен Астанада «Алау» мұз айдынында оқу жаттығу жиыны болады.Ол жерде барлығы әлемдік стандарттарға сай жарақтандырылған. Қазір Қарасайдағы мұз айдыны тазаланды. Енді балалар осы жерде де өз дайындықтарын бастайды.
Конькимен жүгіру спортына 9-жастан бастап қатысуға болады. Ол үшін Петропавлда 2 спорт мектебі жұмыс істейді. Және 7 жаттықтырушы бар.