Демалыс күндері Петропавлда «102» арнасына 1800-ден астам қоңырау келіп түсті. Соның ішінде 31 желтоқсан мен 4 қаңтарды қоса алғанда,

тыныштықты бұзудың 31 фактілері тіркелді. Сондай-ақ, тәртіп сақшыларына отбасылық жанжал мен төбелеске қатысты 62 қоңырау түскен. «102» жедел арнасына 5 күн ішінде барлығы 1880 қоңырау түсті. 7 жеке мүлікті ұрлау және осыншама алаяқтық фактілері тіркелді. Петропавл қалалық ПБ жедел басқару орталығының бейнебақылау орталығының инспекторлары күшейтілген режимде жұмыс істеді. Мереке күндері олар 181 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның үштен екісі – 124 факті – жол ережесін бұзуға қатысты. Демалыс күндері Петропавл көшелерінде 38 түрлі оқиға орын алған. Полиция жүргізушілерді құбылмалы ауа райына байланысты жолда абай болуға шақырады.