Айыртау ауданында көптен күткен жаңа хоккей корты ашылды. Облыста спорттық инфрақұрылым мен бұқаралық спортты дамыту үшін жыл сайын жаңа нысандар салынып, пайдалануға беріліп жатыр. Биыл өңірде 3 спорт кешені пайдалануға берілді. 3 жабық хоккей корты, 23 шағын футбол алаңы, 6 спорт алаңы салынды.

Іс-шараға аудан әкімі қатысып, тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Ол бұл корттың балалар мен жастардың спортпен шұғылдануына зор мүмкіндік беретінін атап өтті. Алғашқы ойындар өткізіліп, балалар мен жастар жаңа мұз айдынында өз шеберліктерін көрсетті.

ЕРБОЛАТ ЖҮЗЕНОВ, АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ БЖСМ БАСШЫСЫ:

- Бүгін бізде хоккей корты салтанатты түрде ашылып жатыр. Бұл бізде Айыртау ауданындағы екінші корт. Балаларға мүмкіндік жасалып жатыр, болашақта қысқы спорт олемпияда спорты дамып кекледі деп ойлаймыз.

Аудан тұрғындары жаңа хоккей кортының аудан үшін маңызды екенін атап өтті. Бұл нысан спортпен шұғылдануға ғана емес, сонымен қатар тұрғындар бас қосып, түрлі іс-шаралар өткізетін алаңға айналмақ.

- Бүгін, міне, ауданымызда іс-шара өтіп жатыр. Осындай үлкен, балаларға арналған ойын алаңдарының ашылып жатқанына қуаныштымыз. Балалар өз уақытын осы алаңда өткізуде, бұл бізді қатты қуантады.

Жаңа хоккей корты Айыртау ауданының тұрғындары үшін спортты дамыту жолындағы маңызды қадам. Спорттық нысандар әлі де салынады. Мәселен Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, 2 жабық хоккей корты мен жүзу бассейнінің құрылысы жалғасып жатыр.