Биыл «Ауыл» партиясының құрылғанына 25 жыл толды. Осы датаға орай ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған жобалар іске асырылып жатыр. Бүгін Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылында қаз балапандарын тарату акциясы өтті.

Қаз балапандарын тарату акциясы «Ауыл Фест» халықаралық қазөсіру фестивалінің жалғасы ретінде өтті. Бүгінгі іс-шарада 6000-ға жуық қаз балапаны Аққайың Есіл, Жамбыл, Қызылжар және Мамлют аудандарынан келген 60-тан астам адамға тегін татарытдлды.Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл қаз балапандары «Тауарлық несие» ретінде беріледі.

СНХ: ҚАЙРАТ АЙТУҒАНОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Іс-шараға келген адамдардың қарасы қалың. Барлығы қаз балапандарын алып ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

СНХ: ТОЛҚЫН БЛАМБАЕВА, ЖАМБЫЛ АУДАННЫҢ ТҰРҒЫНЫ


Алдағы уақытта облыстағы барлық аудандарға тегін қаз балапандары таратылатын болады. Жоба оң нәтижие көрсетсе бұл іс-шара келесі жылы да жалғасын таппақ.