10 желтоқсанда Тайынша қаласында жеке тұрғын үйде тұрмыстық газ баллоны жарылып, 70 шаршы метр аумақ өртенді. Өрт салдарынан үй толығымен жанып кеткен. Күйік шалған 1984 жылы туған үй иесі мен оның 2008 жылы туған қызы ауруханаға жатқызылды.
Жылыту маусымы басталғалы бері облыста 75 өрт тіркелді. Салдарынан 11 млн 375 мың теңге материалдық шығын келтірілді. 9 адам қаза тапқан. Оның 1-уі бала. Тағы 4 адам тілсіз жаудан зардап шексе, енді біреуі көмірқышқыл газынан уланған. Жаңа жыл қарсаңында өрт сөндірушілер мерекелер іс-шаралар жоспарланған 700-ге жуық нысанды тЕКСЕРді.
ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Қоғамдық іс-шаралар жоспарланған үй-жайлардың кемінде екі шығатын есігі болуы керек. Шығатын жері бос, терезелеріне торлар орнатылмаған, жарық болуы тиіс. Жауапты тұлғалармен тиісті нұсқаулар жүргізіп, мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде барлық өрт сөндіру құралдарын тәртіпке келтірілуі қажет.