5 желтоқсан – волонтерлер күні. Петропавлда облыстық еріктілер слеті өтті. Іс-шараны қоғамдық даму және ақпарат орталығы, сондай-ақ ардагерлер кеңесі ұйымдастырды. Оған облыстың түкпір-түкпірінен 30-дан астам волонтер қатысты.
Жақсылық жасау, жығылғанға сүйеу болу – баршаның қолынан келер іс. Қазіргі қоғамда осы сөзді ұран еткен еріктілер аз емес. Оларға деген құрмет те ерекше.
ЕЛЕНА СКАКУНОВА, ВОЛОНТЕРЛЕР СЛЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:
- ТМД елдерінде 2024 жыл Еріктілер жылы болып жарияланды. Қайырымдылық жасап, өзгеге көмек беретін жандарды арттыруға бағыталған деп білемін. Ал бүгінгі ІС-шарада волонтерлер осы жылы атқарған жұмыстарын қорытындылап, жобаларымен бөліседі.
Еріктілердің қатарында тек жастар ғана емес, зейнеткерлер де бар. Бұл топты «күміс еріктілер» деп атайды.
СӘУЛЕ ТАХМЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНДЕГІ «КҮМІС ЕРІКТІЛЕР» ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
-Еріктілер – жаны қысылған адамға қол ұшын созатын жандар. Олар өз еркімен, шартсыз, ақысыз жұмыс істейді. біздің күміс еріктілер тобында да жасына қарамастан, волонтер болып жүргендер бар. Біздің жұмысымыз позитивті өтеді. Бізге бірге жұмыс істеген өте қызық.
Сонымен қатар, бүгінгі іс-шара барысында жыл бойы ерекше көзге түскен еріктілерге алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Жиын мерекелік бағдарламамен жалғасты.