Петропавлда Балуан Шолақтың туғанына 160 жыл толуына орай “Тау тұлғалы талант” атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Сабит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада өткен іс-шарада ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы айтылып, кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараға қатысушылар Балуан Шолақ жайында қызықты деректер білді. Мәселен ақын бала кезінде саусағын үсітіп алғандықтан, ел оны еркелетіп, Балуан Шолақ деп атап кеткен екен. Ал, азан шақырып қойған есімі – Нұрмағамбет. Жігіт шағында ол спорт пен әншілік өнерді қатар алып жүрген. Палуан ән-күй десе, делебесі қозып, жүрген жерін сауық-сайранға бөлеп, сән-салтанатын атрттырған. Композитордың 10-ға жуық әні бар. Әдеби кеште халық арасында кеңінен тараған төл туындыларының бірі- «Ғалия» әні шырқалды.
САМРАТ ЖАҚСЫБАЙ, ЖАЗУШЫ, ЖУРНАЛИСТ:
- Бүгін Балуан Шолақ шын есімі Нұрмағанбет сол кісінің 160 жылдығына арналған кеш өтіп жатыр. Ол кісі керемет тұлға болған. Балуан Шолақ бабамыздың өмірі керемет. Ол ешқашан ұмытылмайды. Оның есімі Алматы қаласындағы ң үлкен жабық стадионға берілген. Тағы да көше аттары бар.