Аққайың ауданының Дайындық ауылында тәулігіне 7 мың тонна майлы дақылды өңдейтін кәсіпорын ашылмақ. Ал мал шаруашылығына келер болсақ, ауданда үш инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұдан бөлек жаңа сүт-тауарлы фермаларын салу жоспарланған. Аққайың ауданының әкімі Жанар Құсайын өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингке қатысып, өткен он айды қорытындылады, жоспармен бөлісті.
Ауданға биыл 13,4 млрд теңге инвестиция тартылды, жыл соңына дейін тағы 2 млрд келуі тиіс. Қаражат ауыл шаруашылығы саласын дамытуға жұмсалып жатыр. Жалпы өткен 10 айда ауданның диқандары 55,3 млрд теңгенің өнімін шығарған. Күзде дәнді дақылдың әр га 24 ц астық алды. 516 мың тонна сыятын сақтау қоймасы бар, оның 324 мың тоннасы элеваторларда орналасқан.
ЖАНАР ҚҰСАЙЫН АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Мал шаруашылығы саласында биыл үш инвестициялық жоба қолға алынды, олар: құны 1,5 млрд. теңге болатын Қиялы ауылындағы "Гагарино" ЖШС апрналған сүт тауарлы фермасы. "Гердт В.В" ШҚ 400 бас ІҚМ арналған ферманы кеңейтсе, Власовка ауылындағы "КЕДР" ШҚ 200 бас ІҚМ арналған сүт-тауарлы ферманы кеңейтіп жатыр.
Құны 2,0 млрд.теңге болатын 400 басқа арналған сүт тауарлы ферманы Леонов ШҚ салмақ, "Полтавское" ЖШС құны 6,0 млрд. теңге болатын глютенсіз үлпектер өндіру мүмкіндігі бар дәнді дақылдарды қайта өңдеу зауытын ашуды жоспарлаған.
Бұдан бөлек Аққайың ауданының Дайындық ауылында тәулігіне 7 мың тонна майлы дақылды өңдейтін кәсіпорын ашылмақ. Жалпы аудан аумағында бір аудандық аурухана, емхана, төрт дәрігерлік амбулатория, алты фельдшерлік-акушерлік пункт және он төрт фельдшерлік пункт бар. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында биыл Тюменка, Власовка, Ивановка ауылдарында 3 медициналық пункттің құрылысы жүргізіліп жатыр.
ЖАНАР ҚҰСАЙЫН, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Черкасское ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Келесі жылы Ленин ауылындағы және аудандағы аурухана мен емханаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар. Сондай-ақ, биыл Дайындық ауылында 200,0 млн.теңгеге спорт кешенінің құрылысы басталды. Келер жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша Смирново ауылында құны 384,0 млн.теңгеге хоккей кортын салу жоспарлануда.
Ауылдағы барлық 31 елді-мекен орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Ал Смирнов ауылында құны 3,6 млрд болатын су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмысы басталды.