Солтүстікқазақстандық полицейлер 25 қарашада басталған «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы аясында жұмыс істеп жатыр. Рейд өткізіліп, отбасыларының шырқын бұзып жүрген жанжалқойларға заң алдындағы жауапкершілік ескертіледі. Сондай-ақ тәртіп сақшылары балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді де еске салды.
Алғашқы кездесу Петропавл қаласындағы № 8 учаскелік полиция пунктінде өтті. Статистикаға сәйкес, дәл осы аумақта тұрмыстық құқық бұзушылықтар саны көбірек тіркеледі. Полиция қызметкерлері осыған дейін үйлерінде жанжал шығарғаны үшін бірнеше мәрте жауапкершілікке тартылған 20-ға жуық ер және әйелдермен кездесті.
Задачами данной акции является именно разъяснение принимаемых и проводимых мероприятий государством по профилактике семейно-бытового насилия, разъяснение законодательства. И мы встречаемся с различными категориями граждан, разъясняем новое действующее законодательство, изменения.
Тәртіп сақшылары оларға биылдан бастап ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру сияқты құқық бұзушылықтар үшін енді қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Сондай-ақ кездесуге арнайы шақырылған «Сенімен Болашақ» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалы басшысы Жанат Мұхамеджанов пен Психикалық денсаулық орталығының психологы Ирина Якимова да жиналғандардың сұрақтарына жауап берді. Олар жанжалқойларды өмір салтын өзгертуге, алкогольден бас тартуға, балаларына үлгі болуға шақырды.
Жанат Мұхамеджанов – «Сенімен Болашақ» РҚБ СҚОФ жетекшісі:
- Бұл жерде әлі жұмыс жасалуы керек. Бұл бір күндік бітетін жұмыс емес. Себебі, бұның ішінде әр түрлі қиын тағдыр тәлкегіне түскен адамдар бар екен. Осыған байланысты, түсіндіру жұмыстарын жиі-жиі жүргізіп тұруымыз керек. Бұл кісілерге көбінесе психологиялық қолдау керек. Кейбіреуіне ем-дом қажет. Осыған байланысты жалпы үкімет тарапынан, қоғамдық мекемлер тарапынан қандай көмек көрсетіліп жатқаны туралы баяндап бердік.
Кездесуге жақындарының тағдырына алаңдайтын адамдар да келді. Мәселен, № 8 учаскелік полиция пунктіне 33 жастағы баласы маскүнемдікке салынған қала тұрғыны келіп, ерікті немесе мәжбүрлі емдеуді қалай ұйымдастыруға болатындығын сұрады. Бүгінде облыс бойынша барлығы 466 отбасылық жанжалқой, 3105 маскүнем есепте тұр. 10 ай ішінде отбасылық тұрмыс саласындағы құқық бұзушылықтар үшін 2 мыңнан астам қорғау ұйғарымы шығарылды. Осындай кездесулер басқа полиция пункттерінде де өткізілмек, профилактикалық жұмыс күнделікті жүргізіліп тұратын болады.