Өңірде орақ науқаны аяқталуға жақын. Осы орайда өңірге Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров келіп, жергілікті тұрғындар және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті. Жиынға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, шаруалар мен агрокәсіпорындардың басшылары қатысты. Кездесуде саладағы өзекті мәселелер, өнім өндіру көлемі және мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды.

Өңірге жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров келді. Ведомство басшысы облыстық әкімдік қабырғасында теріскейлік тауар өндірушілермен қауышып, саладағы маңызды тұстарға тоқталды. Аққайыңдар өлкесінде орақ науқаны аяқталуға жақын. Биыл ауа райы қолайлы болды, ал әрдайым арық сөйлеп, семіз шығуды көздейтін диқандар күн-түн демей еңбек етуде. Іскер жандардың және мемлекет қолдауының арқасында қамба астыққа толды. Алқалы жиын басында соңғы деректермен аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов бөлісті.

СНХ:ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі


СНХ:МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СҚО әкімінің бірінші орынбасары


СНХ:АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі


Осы және өзге де дерек шекпенділер мен шаруалардың барлығына жетуі және жалпыға түсінікті болу үшін Ауыл шаруашылығы министрі Астанадан бірнеше қаржы ұйымының басшыларын әкеліпті. Солардың әрқайсысы мінберден баяндама оқып, мүмкіндіктерді жіпке тізді. Астық түсімінің мол болуына байланысты өңірдегі кейбір элеваторлар толып қалған. Бұл екі аяқ бір етікке тығылар шақта алаңдатарлық мәселе. Оны шешудің өзіндік жолы бар.

СНХ:АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі


Келелі кездесуде ауыл шаруашылы тауарын өндірушілер тарапынан бірнеше сұрақ қойылды. Сауалдардың бірі субсидияға қатысты болды. Жергілікті диқандардың арасында мемлекеттен тиісті ақшаны ала алмай жүргендер бар екен. Жиынды қорытындылаған аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов бастаған жауапты тұлғаларға өзекті мәселені шешу бойынша тапсырма берді.