Мамлют ауданының әкімі Елена Степаненко әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері бойынша есеп беріп, ауданның алдағы жылға арналған жоспарларына тоқталды.

Ауданда әлеуметтік-экономикалық дамудың оң қарқыны сақталып отыр, – дейді облыс әкімі Елена Степаненко. Бүгінгі таңда инвестициялар көлемі 12,8 млрд теңгеге жеткен, ал ауыл шаруашылығы саласында болса өнім көлемі 37,9 млрд теңгені құрады. Қолайсыз ауа райына қарамастан, астық дақылдарының өнімділігі 20,4 ц/га деңгейінде сақталды. Мысалы, 2023 жылы бұл көрсеткіш 17,2 ц/га болған. Ауданда 263 мың тонна астық және 48 мың тонна майлы дақыл жиналды.

ЕЛЕНА СТЕПАНЕНКО, МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Өнімділікті арттыру мақсатында 176,2 мың гектар алаңға 12 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізілді. Ауыл шаруашылығы техникасы паркі 126 бірлікке жаңартылды, бұл мақсатқа 2,4 млрд теңге жұмсалды, жаңарту үлесі 4,5%-ды құрады. Сонымен қатар, «Қызыләскер» ЖШС базасында 400 сиырға арналған сүт фермасының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жоба құны 2,2 млрд теңге, ферманың жылдық қуаты 2 мың тонна.

2025 жылы «Белое-Агро» ЖШС базасында абердин-ангусс тұқымды мәрмәр етінен жартылай дайын өнімдер шығаратын ет өңдеу цехын ашу жоспарланған. Сонымен қатар, «Ахитовка» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі базасында сүт өңдейтін шағын зауыт ашылмақ. Келесі жылы мұнда балық өңдеу цехы да жұмыс істейтін болады.

ЕЛЕНА СТЕПАНЕНКО, МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Шағын қосалқы шаруашылықтарды дамыту үшін ауыл шаруашылығы құрылымдарында пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлерді қайтару жұмыстары жүргізілу үстінде. Қазіргі уақытта соңғы 3 жылда қайтарылған жайылымдық жерлердің жалпы алаңы 8,3 мың гектарды құрады.

Ауданда 896 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Тауарлар мен қызметтердің сапасы жақсарып, ауқымы кеңеюде. Биылғы жылдың 10 айында бөлшек сауда айналымы 5,1 млрд теңгені құрады. Субсидиялау және кепілдендіру жобалары бойынша 7 кәсіпкерлік субъектісі 61,7 млн теңге көлемінде мемлекеттік қолдау алды. Сондай-ақ, ауданда жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүргізілу үстінде.

ЕЛЕНА СТЕПАНЕНКО, МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Ауданда жолдарды жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ауданның автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 675 км, оның ішінде 93 км – республикалық жолдар, 105 км – облыстық жолдар, 210 км – аудандық жолдар және 267 км – ішкі ауылдық жолдар. Биылғы жылы аудандық маңызы бар «Сенжарка - Троицкое - Николаевка - Ленино» автожолында орташа жөндеу жұмыстары 482,9 млн теңгеге аяқталды. 2023 жылы 5 ауылда (Андреевка, Бексеит, Минкесер, Бостандык, Новомихайловка) ішкі ауылдық жолдарды орташа жөндеу үшін 5 жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. 2024 жылы аудандық маңызы бар 5 автомобиль жолына техникалық және сметалық құжаттама әзірленіп, жобаның құны 1,5 млрд теңге.

Ауданда тұрғындардың 86%-ы таза сумен қамтамасыз етілген. 2025 жылы Дубровное ауылын сумен қамту жоспарланған. Сонымен қатар, Афонькино, Воскресеновка, Михайловка, Краснознаменное, Бексеит ауылдарында және Мамлютка қаласында нысандардың құрылысы басталды.

ЕЛЕНА СТЕПАНЕНКО, МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Биылғы жылы 113,5 млн теңгеге материалдық-техникалық база жаңартылып, медициналық құрал-жабдықтар алынды. Ауданға 4 дәрігер келді. Алайда, өкінішке орай, әлі 7 орын бос тұр. Оның бір себебі – қаланың мәртебесі, өйткені келетін жас мамандар ауылдық жерлерде тұру үшін қосымша ақы ала алмайды.

Биыл Мамлютка қаласындағы «Юность» стадионында ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды, футбол алаңы салынып, жарықтандыру жүйесі орнатылды. 2024 жылы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Білім беру нысандарында 12 млн теңгеден астам сомаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Дубровин және Михайловка орта мектептерінде екі модульдік қазандық орнатылды.