Петропавлдың екі тұрғыны синтетикалық есірткі таратты деген күдікке ілініп, қамауға алынды. Олардан жалпы салмағы 129 грамм тұз және мефедрон синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.

Петропавлдың 32 жастағы тұрғыны және 19 жастағы студент қыз синтетикалық есірткі таратты деген күдікке ілінді. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, қылмыстың бастамашысы қыз болғаны анықталды.

Так, наблюдаем, да? С правого кармана свёртки, завёрнутые в изоленту синего цвета. Три, четыре, пять

Қазан айының басында полицейлер оларды ер адамға тиесілі «Mercedes» автокөлігінде ұстады. Автокөліктен психотроптық зат салынған 30 түйіншек тәркіленді, тағы 72 түйіншек күдіктілерден өздерінен табылып алынды.

Жангелді Әпенов - Петропавл қ. полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы:

- Алыңған тұз және мифидрон синтетикалық есірткі заттарының жалпы салмағы 129 грамм. Ұсталған адамдардың әрекеттері 297 бап 3 бөлім - психотропты заттарды өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау бойынша қарастырды.

Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген