1944 жылы 15 қарашада Грузияның оңтүстігінен месхеттік түріктерді депортациялау басталды. Бірнеше күн ішінде 220 ауылдан 125 мың тұрғын жер аударылды. Түрік мәдени орталығы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясында 2007 жылы құрылды. Оның өкілдері ата-баба дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын сақтап, тарихын құрметтейді. Достық үйінде осыған орай еске алу кеші өтті.

Депортация жылдары өңір мыңдаған поляктың, немістердің, украиндардың және көптеген ұлттардың панасына айналды. Бүгін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясына жиналғандар өз халқының тарихын мұңая еске алады.

СИМАНАС ШАМАНОВА, ТҮРІК МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:

- Ол кезең ата-бабаларымыз үшін оңай тимегені анық. Оларды тауар таситын вагондарға артып, әкелді. Күшпен қоныстандырды. Бүгін бұл оқиғаға да 80 жыл толып отыр. Сол қасіретті сөзбен айтып жеткізе алар емеспін.

Қайғылы оқиғаны бастан өткергендердің бірі-Ахмат Бедишев .Қазір ол 95 жаста. 1944 жылы 15 жасар жасөспірімді анасымен және ағаларымен бірге мал тасымалдайтын вагондарға кіргізіп, белгісіз жаққа алып кетті.

АХМАТ БЕДИШЕВ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ:

- Алхатеке ауданының 50 ауылынан балалар мен ересектерді жинап алып, вагондарға отырғызды. Күн қатты суық болды. Жылу, су жоқ. 14 қараша күні еді. Вагонда кішкентай терезе ғана бар. Жол ұзақ болды. Жолда қайтыс болғандарды айдалаға вагоннан лақтыратын.

Достық үйінің сахнасында түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері бірікті.

ДИЛЯРА ХАСАНОВА, ТҮРІК МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Іс-шарада біз тек түріктер туралы ғана емес, сонымен бірге қуғын-сүргіннен зардап шеккен барлық халықтар туралы АТАМЫЗ. Біз тарихты ұмытпай, мұндай жағдайдың қайталанбауы туралы ойлануымыз керек.

 "Жастар, ана тілін үйренуге үлкен қызығушылық танытады, - дейді Стамбул қаласындағы Марман университетінің профессоры Нұргүл Йылдыз. Қазіргі таңда түрік тілі Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде оқытылып жүр.

НҰРГҮЛ ЙЫЛДЫЗ, СТАМБУЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МАРМАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

- Мен түрік тілін "Герман-роман филологиясы" кафедрасында екінші жыл бойы оқытып келемін. Ахыска-түріктерімен бірге халқымыздың қайғылы оқиғаларын еске алуды жөн көрдім.

Бүгінгі таңда месхеттік түріктерінің саны 600 мыңнан асады. Олар Түркияда, Қазақстанда, Ресейде, Әзірбайжанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Украинада, АҚШ-та, Грузияда және басқа елдерде тұрады. Біздің өңірде олардың саны 50 мыңға жуық.