2026 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі миллиондаған қазақстандықтар үшін қолжетімді болмақ. Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қолдауды күшейтіп, сақтандыру жүйесінің қамту аясын кеңейтуді көздейтін заңға қол қойды. Әсіресе, әлеуметтік осал топтардың құқықтарын қорғауға басымдық беріліп отыр.

Солтүстік Қазақстан облысында МӘМС жүйесімен халықтың 82,6 пайызы қамтылған. Алайда шамамен 92 мың адам әлі де сақтандырылмаған. Өңірде әлеуметтік осал топқа жататындар саны — 26 312 адам. Олардың ішінде 19 872 адам — D санатына, ал 6 440 адам — E санатына жатады. 2026 жылдан бастап бұл топтар МӘМС жүйесімен қамтылады. Жергілікті атқарушы органдар олардың жарналарын өз есебінен төлейтін болады.Сондай-ақ, ресми тіркелген жұмыссыз азаматтар үшін жарналар жергілікті бюджет есебінен төленеді.

СНХР: АЙНАГҮЛ ДАВЛЕТЧИНА – «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» КЕАҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ