Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы үлкен әлеуетке ие болғанымен, оның төңірегінде түйткілдер аз емес. Қаржының жетіспеуі көптеген фермерді тығырыққа тірейтіні жасырын емес. Бұл ретте саладағы кәсіпкерлерге еліміздегі ең ірі микроқаржылық ұйым KMF компаниясы үлкен көмек көрсетіп келеді. Оған Мамлют ауданы Покровка ауылының фермері Шерәлі Айтбаев дәлел. Ұйым кәсіпкердің дамуына жол ашып, табысқа жетуіне септігін тигізген.
Мамлют ауданы Покровка ауылының тұрғыны Шерәлі Айтбаев Ташкенттен ата-анасымен көшіп келген. Елде мал өсіруді қолға алып, кәсібін небәрі 4 сиырмен бастаған. Кейін мал санын көбейтпек мақсатында KMF компаниясынан 500 мың тенге несие алады. Осылайша шағын шаруашылық бүгін үлкен табысты бизнеске айналып отыр. Қазіргі таңда шаруа қожалығында бұзауларды есептемегенде, мал саны 40 бас ірі қараға дейін артқан.
ШЕРӘЛІ АЙТБАЕВ – KMF КОМПАНИЯСЫНЫҢ КЛИЕНТІ, ФЕРМЕР:
- Мен 2017 жылы КМФ арқылы несие алып, мал шаруашылығын дамыттым. Сүт бағытында, ет бағытында. КМФ-ке алғысым шексіз. Оларға рахметімді айтамын. Қазіргі таңда дамып отырмыз. Басында 2017 жылы 500 мың тенге соммасында алғам, кейін 2 млн ары қарай 10 млн несие алдым. Қазіргі таңда тағы да үлкен соммада қаражат сүрап, осы мал шаруашылығын тағы да үлкен қылып, кеңейту жоспарда бар.
Фермер 2019 жылы микроқаржылық ұйымның «Іскер» журналына сұхбат берген. Онда KMF компаниясымен серіктестігі жайында баяндаған.
Шаруашылықта мынадай сиыр сауатын 2 аппарат бар. Бұл құрылғыны сауыншылар таңертен және кешке пайдаланады. Жаз мезгілінде ферма күніне шамамен 600 литр, ал кыста ауа-райына байланысты 300 литр сүт тапсырады екен. Барлық жиналған сүтті шарт бойыша әлеуметтік-кәсіпкерлік ұйымдарға өткізіледі.
ШЕРӘЛІ АЙТБАЕВ, KMF КОМПАНИЯСЫНЫҢ КЛИЕНТІ, ФЕРМЕР:
- Таңғы 6дан бастаплады жұмысымыз. Бірінші кезекте жем береміз, сосын шөбін беріп астын тазалаймыз. Кейін күнделікті сауамыз. Таңертең кешке жұмыс осындай. Обедте суын береміз. Осы мал шаруашылығын осылай дөңгелетіп отырмыз.
Көп ұзамай фермада сиырлар төлдей бастайды. Сол үшін кәсіпкер жақында туыстарын - 3 отбасыны ауылға көшіріп әкелген. Алдағы уақытта жалдамалы жұмысшылардың штатын ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта КМФ ұйымының 270 мың клиенті бар. Биыл KMF «Jailay online» атты мобильді онлайн-ветеринариялық қолданбасын іске қосты. Ерекшелігі сол, енді үйден шықпай-ақ мал және үй жануарларының саулығына байланысты онлайн кеңес алуға болады. Білікті ветеринар маман кез-келген уақытта төрт аяқтылардың ауруын алдын алу немесе емдеу туралы кеңес береді. Айта кету керек, кәсібін өрге дөңгелеткен жандардың басын қосқан KMF компаниясы нарықта 1997 жылдан бері қарқынды жұмыс істеп келеді. Бір қуантарлығы, KMF компаниясы алдағы уақытта да ауыл шаруашылығы саласын қолдауды жалғастыра бермек