Күздің соңғы айы - қараша қандай болмақ? Синоптиктердің мәліметінше, өңірге қыс айдың екінші онкүндігінде келмек. Жаңбыр, қар, тұман және жиі борандар болады деген болжам бар.


Қараша айында орташа ауа температурасы нормаға жақын болады. Бірінші онкүндікте сынап бағанасы түнде 8 градусқа дейін, күндіз 5 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.


ГҮЛЗӘТ ҒАЗИЗОВА - «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚОФ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Екінші онкүндікте ауа температурасының түнде 3-8 градус аяздан 15-20 градус аязға дейін, күндіз 2 градус аяздан-3 градус жылудан 9-14 градус аязға дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі. Онкүндіктің соңында ауа температурасының жоғарылауы күтілуде.


Үшінші онкүндікте күн суытып, түнде -24, күндіз -16 градусқа дейін аяз тұрмақ. Ай соңында жауын-шашын мөлшері нормадан артық болады.


ГҮЛЗӘТ ҒАЗИЗОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚОФ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Жауын - шашын (жаңбыр, қар жауады), көктайғақ бірінші онкүндіктің екінші жартысында, екінші онкүндіктің басында, екінші онкүндіктің ортасында, үшінші онкүндіктің басында күтіледі. Тұман бірінші, екінші және үшінші онкүндіктердің ортасында болуы мүмкін. Жел 15-20 м/с, бұрқасын жиі ай бойы күтіледі.


Синоптиктердің айтуынша, 1955 жылғы 1 қарашада Петропавлда температура 14 градус жылы болған. Ал 1987 жылғы 24 қарашада 37,5 градус аяз тіркелген екен.