Республика күні қарсаңында № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде Ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында БАҚ өкілдеріне өрт сөндірушілердің жұмысы баяндалды. Олар өрт сөндіру техникасының негізгі түрлерімен, құрал-жабдықтармен және жауынгерлік киімдермен танысты.


Бельгиялық овчарка Айка жетіде. Құтқарушылар қызметінде ол үш жыл бойы табиғи және техногендік ортада адамдарды табуға көмектеседі. Айка жыл сайын арнайы аттестаттаудан өтеді.


СЕРГЕЙ ЯЩУК, СҚО ТЖД ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ КИНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Біздің жедел-құтқару жасағымызда үш қызметтік ит, екі лабрадор және бельгиялық овчарка Айка бар. Облыс аумағында із-түссіз жоғалғандарды іздеуге бірнеше рет шыққан. Биыл министрдің арқасында Қазақстандағы барлық облыстарға Toyota Hilux жаңа машинасы берілді. Ең бастысы, ыстық ауа-райына арналған кондиционер бар. Қыс кезінде де жылу береді.


Өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдері ерекше назар аударуға тұрарлық. Сыртқы қалың киім, шалбар, дулыға, белбеу және қорғаныс етіктерінің салмағы 13 келіге дейін жетеді. Жылу шағылыстыратын костюммен және тыныс алу аппаратымен бірге 23 келі.


АСХАТ ЖАМБЫЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ № 2 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ АҒА ҚҰТҚАРУШЫСЫ:

-Өрт сөндіруге арналған арнайы киім 800 градусқа дейінгі ыстыққа төзімді. Жалпы, жабдықтың ішіне күрте, комбинезеон, етік, бас киім және қолғап кіреді.


Бүгінде екінші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде 60-қа жуық өрт сөндіруші еңбек етіп жатыр. Жалпы, өңірдің ТЖ Департаментінде 700-ден астам маман бар.