2016 жылдан бастап өңірге жұмыс күші артық өңірлерден азаматтарды көшіру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. 2023 – 2024 жылдары аралығында облысқа 1420-дан астам адам қоныс аударған және 445 қандас көшіп келген. Ал, оларға қандай жағдай жасалатынын келесі бейнесюжеттен көрейік.
Көшіп қону кезінде отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы материалдық көмек беріледі. Яғни, ол бүгінде - 275 240 теңгені құрайды. Айта кетейік, азаматтарға Тұрғын үй жалдау мен коммуналдық қызметтерге кететін шығындарды өтеу үшін 12 ай бойы субсидия төленеді.
СНХ:АСЛАН СЫЗДЫҚОВ, СҚО ЕҢБЕК МОБИЛЬДІГІ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Жыл басынан бері өңірге 119 отбасы қоныс аударған, сондай-ақ, қандастардан 39 отбасы көшіп келген. Адамдарға егін егу мақсатында жер учаскелері де бөлінеді. Бұл учаскелер облыстың барлық аудандарында тегін, кезексіз әрі жалға беріледі. Жер көлемі әр ауданның ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі болады. Айта кетейік, облыс орталығында қандастар мен қоныс аударушыларға арналған ақпараттық – түсіндіру орталығы жұмыс істейді.
СНХ:ЖАНИСЛАМ ЖҰБАЙ, «ТӘУЕКЕЛ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ КЕҢЕСШІ МАМАНЫ
Жалпы, биыл өңірге барлығы 3 мыңға жуық қоныс аударушы және 170-ден астам қандасты көшіру жоспарланып отыр.