Жыл сайын Қазақстанға жүздеген тонна контрафактілік өнім әкелінеді. Азық-түліктен бастап техникаға дейін ЗАҢСЫЗ әзірленіп, саудаға шығарылады. Егер құқық иелері шағым түсірсе, мұндай контрафакт сатушыларын жауапқа тартуға болады. Әділет департаментіне тамыз айында "ЭПЛ.Инк" компаниясынан осындай контрафактіге қатысты арыз келіп түсті.


Арызда Петропавлдағы екі жеке кәсіпкердің "APPLE" және "IPhone" тауар белгісін заңсыз пайдалануы туралы айтылған. Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің қызметкерлері тексеру жүргізді. Нәтижесінде басқа біреудің тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі анықталды. Жалпы сомасы 514 мың теңгеге 177 смартфон қаптамасы тәркіленді. Барлық материалдық заттардың көзі жойылды. Сот шешімімен құқық бұзушыларға 220 мың теңгеден астам айыппұл салынды.


АДАЙ МАҒЗҰМОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жалпы, биыл СҚО бойынша бізге 4 арыз келіп түсті. Осы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде. 4-уі де "APPLE"-дың осы Қазақстандағы өкілінен келіп түскен болатын. Сол арыздардыңі негізінде 4 тыс жоспардан тексеріс өткізіліп, олардың қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталды. Тексерістің қорытындысы бойынша Әкімшілік кодекстың 158-ші бабы бойынша сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылып, аталған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.