Референдум еліміздің тарихындағы маңызды оқиға. Бұл барша қазақстандықтардың өзгерістерге деген оң көзқарасын және ұйымшылдығын көрсетті. Осылайша еліміз жаңа кезеңге қадам басты деуге болады.
Референдумге дейін халыққа ақпарат жеткізіп, сауалдарына жауап берген халық штабының мүшелері әлі де жұмыс істеп жатыр. Сан саланың мамандары мен еріктілер өңір тұрғындарына азаматтық міндеттерін орындап, таңдау жасағандары үшін алғыс айтты. Бүгін сондай жиын облыс орталығындағы сауда орындарының бірінде өтті.