Петропавлдағы балалар мен жасөспірімдер мектебінде грек-рим күресінен облыстық чемпионат басталды. Бұл жарыс 2 күнге шақталған. 2010-2012 жылғы жасөспірімдер арасында өтіп жатқан жарысқа 100 ден аса спортшы қатысады.
Облыстық жарыс әлем чемпионатының алдында дайындық ретінде өткізіледі. Жалпы жасөспірімдер 8 салмақ дәрежесінде сынға түседі.
МАРАТ УТЕНОВ, ТӨРЕШІ:
- Бүгін финалға дейін күреседі. Ертең финал 3-ші орынға күреседі. Димлом және марапаттар беріледі. Бұл негізі Қазақстанға дайындық өтіп жатыр бізде. Бізде мына грек-рим күресінен жарыстар облыста айына кем дегенде бір рет өтеді. Бүгін ДЮШС борьбы, жеңіс және интернаттан келген балалар да бар.
Әмір Ибрагим М. Жұмабаев ауданынын келген. Жасөспірім 5 жылдан бері осы спорт түрімен айналысып келеді. Болашақта да грек-рим күресінен жүлделі орындар алмақ ниетте.
ӘМІР ИБРАГИМ, ҚАТЫСУШЫ:
-5 жыл күреспен айналысып жатырмын. Мені спортқа әкелген жақсылық ағай. Маған осындай күрес ұнайды. Мен әлі де қатысамын.
Айта кетейік, келесі жылдың сәуір айында грек-рим күресінен ҚР чемпионаты өтпек. Сондықтан спортшылар қазірден бастап дайындық үстінде.