Ел келешегін айқындаған референдум өтті. Орталық референдум комиссиясының алдын ала нәтижесі бойынша, 6 қазанда 7,8 миллионнан астам қазақстандық атом электр стансасының құрылысына қатысты мәселеде өз таңдауын жасады. Бұл – дауыс беруге құқылы азаматтардың шамамен 64 пайызы.


Облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Павел Афанасьев те елдегі аса маңызды істе өз таңдауын жасап, дауыс берді. Қоғам белсендісі референдумге қатысты өз ойын білдірді.


ПАВЕЛ АФАНАСЬЕВ, СҚО ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

- Біздің қоғам ұйымшылдық пен жауапкершіліктің өте үлкен деңгейіне ие. Қазақстандықтар елімізде құқықтық мәдениеттің, ұйымшылдық пен бірліктің бар екенін тағы да растады. Осылайша біздің азаматтар саясат пен экономика саласында да елеулі жауапты шешімдер қабылдауға дайын екендіктерін көрсетті