«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өз жалғасын тауып жатыр. Күні кеше Петропавлда әскерилер, құтқарушылар мен еріктілердің бірігуімен 10 мыңға жуық көшет отырғызылды. Игі істе өңіріміздің спортшылары да бой көрсетті.


Көгалдандыруға үлес қосқандардың арасында "Қызылжар" футбол командасы, "Барс" баскетбол клубы және "Қызылжар Арландары" клубының өкілдері бар. Акцияға барлығы 50-ге жуық спортшы қатысты. Спортшылардың бұл ісі өңір тұрғындарын табиғатқа қамқорлық жасауға және қоғамдық бастамаларға қатысуға шабыттандырады, деді облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов.