Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов таңғы 9-да таңдау жасады. Аймақ басшысы Петропавлдағы балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында орналасқан №595 референдум учаскесіне тіркелген.


№595 референдум учаскесіне Петропавлдың орталық бөлігінде тұратын адамдар келіп, атом электр стансасының құрылысына қатысты дауыс беруі тиіс. Мұндағы комиссияда келе алмайтын қалалықтардың тізімі бар. Мамандар түске таман олардың үйлеріне шығады. Сонымен қатар, учаскеде таңдау жасаушыларға көмектесетін адам бекітілген.


ҚАНАТ СӘДУАҚАС, №595 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

-  8 дауыс берушінің үйіне барамыз. Олардың 5-еуі - мүгедектігі бар адамдар. Адамдар біртіндеп келіп жатыр. Олардың басым бөлігі егде жастағы тұрғындар.


Референдум учаскесіне келе алмайтын тұрғындардың құлағына алтын сырға! Комиссия мүшелері күндізгі 12-ге дейін дауыс берушілерден өтініш қабылдайды