Қызылжар ауданында 19 ауылдық округ бар. Оның барлығында 56 референдум комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Аудан бойынша 32 257 адам бүгін таңдау жасауы керек.


Осыдан тура 50 жыл бұрын отау құрған ерлі зайыпты да дауыс берді. Боранбай мен Жаңыл Төлетаевтар Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында тұрады. Жарты ғасырдан бері жұбы жазылмай келе жатқан зейнеткерлер референдум учаскесіне бірге келіп, таңдау жасады.


ЖАҢЫЛ ТӨЛЕТАЕВА, БЕСКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Бір класста оқыдық. Армияға кетті, мен күттім ол кісіні. Келгесін енді кішкене жұмыс істедік, быр жылдай, сосын үйлендік

- Қалай қарсы алды, референдум учаскесінде?

- Күшті, жақсы қарсы алды. Өзімізге кішкене не ожиданно было. Өттік.