Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылында №276 – шы референдум учаскесі ашылған. Мектепте орналасқан дауыс беру орнына ауыл тұрғындары таңнан келіп өз таңдауларын жасады.


Бәйтерек ауылының тұрғыны Жұпархан Мұсабай отбасымен референдум учаскесіне келіп дауыс берді. Елге сыйлы, мәуелі бәйтеректей жайқалған әулеттің дауыс берушілер қатарында жары, балалары, келіндері мен немерелері барлығы 20 адам бар. Жұпархан әулеті бұл референдумға қазақы нақыштағы киіммен келіп, учаскеде домбырамен ән салып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.


ЖҰПАРХАН МҰСАБАЙ БӘЙТЕРЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Мен осында 2009 жылы атажұртқа қоныс аударып келдім. Нұрлы көштің салған үйіне келіп орналасқанбыз. Содан бері 14-15 жыл болды. Менің өзімде 6 балам бар.Референдумның маңызы деген енді біздің қазақ елі үшін өте қажетті. Халқымыз осыған ат салысып, қолдайды деп ойлаймын. 


Бәйтерек ауылындағы №276 референдум учаскесінде 988 адам тіркелген. 2 адам дауыс берудің заңды өтуін бақылап отыр.



НҰРБЕК ЕРГАН, АЛҒАШ ДАУЫС БЕРУШІ

- Бүгінгі дауыс беру әрбір қазақ азаматы үшін өте маңызды деп білемін. Бұл қазақстанның одан әрі көркеюуіне, дамуына әсер етеді деген ойдамын.


Бәйтерек ауылындағы №276 – шы референдум учаскесіне түске дейін 465 адам келді. Ал алғаш дауыс бергендер сыйлыққа ие болды..