Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында спорт саласын дамыту тақырыбын қозғады. Бұқаралық спортқа елімізде көп көңіл бөлінеді. Бұл дені сау жастарды тәрбиелеу, бүкіл ұлттың денсаулығын нығайту мақсатында жасалып отыр.


Өңірдің спорт саласы мамандары елімізде және өңірде спорттың дамуында оң нәтиже барлығын айтады. Бірқатар нысан ашылып, саламатты өмір салтын ұстанушылар саны артып келеді. Заңнамадағы тиісті түзетулер бұқаралық және балалар спортының дамуына қуатты серпін беріп, жаңа чемпиондарды дайындауға негіз бола алады.


АЗАМАТ ЕСІМ, «ҚУАНЫШ» ВК БАС БАПКЕРІ:

- Елімізде және өңірде волейболға көңіл бөлініп, қажетті қаражат бөлініп жатыр. Бізге артылған үмітті ақтауға тырысамыз. Әлі де талай Жеңіске жетеміз деген сенімдемін.