Петропавлдағы облыстық перинаталдық орталықта №625 референдум учаскесі жұмыс істеп жатыр.


Орталықта таңғы уақытта 200-ге жуық адам таңдау жасады. Оның – 40-тан астамы босанған және жүкті әйел. Жалпы, №625 референдум учаскесіне 1000-нан астам адам тіркелген.


ЕЛЕНА ХОМЯКОВА, БАҚЫЛАУШІ:

- Жоғары қабатқа дауыс беру жәшігін, өтініш қағаздарды және бюллетендерді апардық. 2 комиссия мүшесі бар. Жүкті және босанған әйелдер қиналмастан өз таңдауларын жасады. Сондай – ақ, бізге 5 адам өз үйлерінен таңдау жасауға өтініш берді. Сағат 12-ден кейін комиссия мүшелері үйлерге барады.