Біздің тілшілеріміз Мамлюткадағы №325 референдум учаскесінде де болып, науқанның өту барысын көрді. Бұл учаскеге бекітілген тұрғындардың басым бөлігін түске дейін өз таңдауларын жасаған.


Комиссия мүшелерінің қатарына 7 азамат енді. Учаскеге 1028 тұрғын тіркелген. Оның 23-і қарттар мен мүгедектігі бар жандар. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолайлы жағдайлар жасалған. Оларға үйден дауыс беруге арналған жәшік апарылды.


НИКОЛАЙ СТАДНИК, №325 РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНІҢ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ:

- Референдум учаскесі жұмысы әнұранмен ашылды. Қазір қызметіміз жалғасып жатыр. Учаскеге көп азаматтарымыз келіп жатыр. Түстен кейін тағы адамдар келеді деп ойлаймыз. Келген қариялар мен жастар легі бірдей.


Учаске талаптарға сай жабдықталып, бюллетеньдермен қамтылған. Байқаушылар тарапынан ескерту болған жоқ.


АРТАШ ХАЧАТРЯН, МАМЛЮТКА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Мен де өзге жастар сияқты өз таңдауымды жасадым. Бұл Қазақстан Республикасының әр азаматының міндеті деп санаймын. Таңдау жасау біздің құқығымыз.


№325 референдум учаскесіне бекітілген тұрғындардың негізгі бөлігі түске дейін өз таңдауын жасап үлгерген.