Петропавлдағы Ақан сері атындағы облыстық филармонияда классикалық музыка концерті өтті. Бұл іс-шара музыка күні мен ұстаздардың төл мерекесіне орай ұйымдастырылды. Әуезді ән тыңдауға жиналған өнерсүйер қауымның қарасы қалың болды.


Андрей Слезко балалық шақтан музыкамен айналысады. «Классика ғасыры» деп атаған концертте өнерпаздың көрнекті туындылары орындалды.


АНДРЕЙ СЛЕЗКО, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ КОНЦЕРТМЕЙСТЕРІ:

- Мен классика жанрында жұмыс істеймін. Қазір бұл бағыт аса сәнде болмаса да, осы жанрда тұрақтап қалғым келеді. Кеште танымал классикалық туындылар орындалады. Мен негізінен сүйікті композиторларымның шығармаларын орындаймын.


Андрей Слезкомен бір сахнада дуэтте Таушевтер отбасы да өнер көрсетті. Олар классикалық вокалдық шығармаларды орындады.


-Мен Таушевтер отбасының әндерін естігенмін. Концертке келіп өнерлеріне алғаш рет куә болайын деп жатырмын. Олар әлемнің жартысын аралап шыққан шығар. Көпшілік арасында танымал.

-Бізге де Таушевтер отбасының шығармашылығы ұнайды. Өнерпаздарды жақсы көреміз әрі сыйлаймыз. Бүгінгі концертке де солар үшін келіп отырмыз.


Жоғары деңгейде өткен классикалық концерт өнерсүйер қауымға жақсы көңіл-күй сыйлады