Егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Бүгінгі таңда ел бойынша 23 млн тоннадан астам өнім жиналды. Бұл жалпы нәтиженің 94 пайызы. Осыған байланысты облыс әкімдігінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров және өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов кеңес өткізді.
Биыл өңірде 4,4 млн гектар жерге дән себілген. Оның 3,3 мллион гектары дәнді және бұршақты дақыл. Ал жауын-шашынның көптігі күзгі орақта бірақ қиындық тудырды.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Вегетациялық кезеңде 90 күн ішінде 1,5 жылдық жауын-шашынның нормасы жауды. Біздің аудандар бойынша 320 мм-ден 450 мм-ге дейін жауды. Бүгінгі таңда 3 млн 100 мың гектар немесе 93, 3% алқаптан дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналды.
Кеңеске қатысушылар күзгі дала жұмыстарының барысын және мемлекеттік қолдау шараларын талқылады. Биыл ауыл шаруашылығы саласына жеңілдетілген қаржыландыруға 580 млрд теңгеге жуық бөлінген. Келесі жылы бұл соманы 900 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр.
АЙДАРБЕК САПАРОВ , ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:
- Президенттің тапсырмасы бойынша үлкен қолдау көрсетіледі, тапсырма орындалады, үкімет бөледі. Келесі мәселе-ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту және 2025 жылы іске қосылатын жеңілдікті лизингтің жаңа бағдарламасының шарттары.
Биыл отандық тыңайтқыш өндірушілерге аванстық субсидия беру енгізілді. Тыңайтқыштар үшін субсидиялар нормасы 50%-дан 60%-ға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, егін орағын жүргізу үшін диқандар арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз етілді.
ЖАНДӘУЛЕТ ЖАҢБЫРБАЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Ауа-райын ескере отырып, астықты кептіру үшін қосымша 67,7 мың тонна дизель отыны бөлінді. Оның ішінде СҚО үшін 20 мың тонна БӨЛІНДІ. Қазіргі уақытта өңір бойынша күзгі-дала жұмыстарына 88 % , кептіру бойынша 17% жөнелтілді.
Қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіЛЕРДі қолдау мақсатында үшінші КЛАСТЫ бидайға әділ сатып алу бағасы белгіленді. Форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша сапасына қарай тоннасы 85-тен 100 мың теңгеге дейін БОЛАДЫ.
АСЫЛХАН ДЖУВАШЕВ «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы:
- 2024 жылғы форвардтық сатып алу аясында Азық-түлік корпорациясы келісім-шарт көлемі 600 мың тонна болатын 41 млрд теңгеден астам сомаға 325 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландырды. Оның ішінде СҚО-ға 270 мың тоннаға 18,8 млрд теңге берілді. Сондай-ақ, біз өткен жылғы форвардтық сатып алу және тауарлық несие шарттары бойынша орындалуын күтеміз.
Өңір биыл 38 млрд теңге болатын 460 мың тонна өнімді қайтаруы тиіс. Бүгінгі таңда облыс бойынша 22 мың тонна немесе үшінші класты астықтың 5% қайтарылды.
АЙДАРБЕК САПАРОВ – ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:
- Былтыр мәселе болғандықтан пролонгация жасалды. Ал корпорация 18-20% қаражат тартады. Сіздер де түсінулеріңіз керек//// Сондықтан үшінші класты астықты тапсырғаныңыз жөн. Бүгінге дейін тапсырылған астықтың 56% - ы үшінші класты.
Кеңеске ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары, аудан әкімдері және селекторлық байланыс арқылы шаруашылық басшылары қатысты. ҚР АШМ департаментінің директоры Жанар Маханова оларға "Кең-Дала-2" мемлекеттік бағдарламасының артықшылықтары туралы айтып берді, оның аясында фермерлер көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін жылдық 5% жеңілдікпен несие ала алады. Тағы бір артықшылығы - фермер кепіл сомасының 15% ғана қамтамасыз етеді, қалған 85% - ына "Даму" қоры кепілдік береді. Осылайша мемлекет фермерлерге 2025 жылғы егіс науқанын өткізуге тамаша мүмкіндік ұсынып отыр.
ЖАНАР МАХАНОВА, ҚР АШМ ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ МИКРОКРЕДИТ БЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Астық егетін өңірлердің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары фермерлермен үйлесімді жұмысты көрсетті. Жарайсыңдар. Ақмола, Қостанай және СҚО-ны атап өткім келеді. Осы өңір «Кен дала» 1, 2 бағдарламалары бойынша әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жалпы 60 млрд теңгені игерді.
"Кен дала" бағдарламасы арқылы фермерлер егістік жұмыстарын жүргізу үшін қаржыландырылады. Бағдарлама бойынша мемлекеттік қолдау жылдан жылға артып келеді.
МҰРАТ ЫСҚАҚОВ "АГРАРЛЫҚ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫ" БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- 2022 жылға дейін қаржыландырудың жалпы көлемі 60-70 млрд теңгеден аспады, кейін біз қаржыландыру көлемін 140 млрд теңгеге дейін ұлғайттық сонымен қатар, алдыңғы жылдары несиелер қысқа мерзімге берілді, қазір несие беруді ұлғайттық, тиісінше қаржыландыруды келесі наурызға дейінгі мерзімге создық.
Бүгінгі таңда 176 млрд теңге сомасына лизинг шарттары жасалды. Бұл жылдық жоспардың орындалуының 80 % құрайды.
ЕРКЕБҰЛАН ЖҰМЖАЕВ - "ҚАЗАГРОҚАРЖЫ" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Бізде алғаш рет жалпы көлемнің 138 млрд теңгесі отандық техникаға тиесілі. Бұл жалпы қаржыландырылған соманың 78%. Бұл көрсеткіш өткен жылы шамамен 50-55% болды. Ал егер соңғы бес жылды алсақ, онда отандық техниканың үлесі 20-30% - дан аспады.
Қазақстан бойынша барлығы 300 мыңға жуық шаруашылық бар. Оның 180 мыңы өсімдік шаруашылығымен айналысады. Кеңес қорытындысы бойынша өңірдің фермерлеріне мемлекеттік қолдау шаралары туралы барынша хабарлау қажет.