Айыртау ауданы Лобанов ауылында өткен жылдың желтоқсан айында дәрігерлік амбулатория ашылды. Бүгінде медициналық нысан Лобаново, Шалқар, Әлжан және Заря ауылдарының 2 мыңға жуық тұрғынына қызмет көрсетеді


Дәрігерлік амбулатория бір ауысымда 25 адамға дейін қабылдай алады. Мұнда жалпы тәжірибе дәрігері, фельдшер, акушер, медбике және әлеуметтік қызметкер сынды 10-ға жуық маман жұмыс істейді. Жалпы, медициналық нысанда барлығы 16 кабинет бар. Олардың бірі дәріхана пункті ретінде қарастырылған.


МАРГАРИТА КОСАРЕВА, АКУШЕР:

- Қазір міне күзге байланысты жіті респираторлық вирустық инфекция жүріп жатыр. Сондықтан, ауырған адамдар көп. Ал, жазда тәулік бойы жұмыс істейміз. Айыртау ауданына туристер көп келеді. Сондықтан, шілде, тамыз айларында қаралушылар саны артады, біріне күн өтіп кетсе, енді бірі жарақатпен қаралады.