Елімізде атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттықтық референдум 6 қазанда өтеді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында айтты. Мемлекет басшысының сөзінше, әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Қазақстан да сенімді және экологиялық таза энергия көздеріне мұқтаж. Осыған байланысты қоғам белсенділері жиналып, Жолдауға қатысты өз ойларын білдірді.


Қазіргі таңда дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Осы орайда, Қазақстан да атом энергетикасын дамытуға баса мән беруі керек. Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында айтты.


ӘЛФАРАБИ МЫҢБАЙ, «АУЫЛ» ХДПП ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Халықты толғандырған мәселердің бірі – АЭС салу мәселесі. Мен өзім жеке тұлға ретінде АЭСсалуды қолдаймын. Бірақ, бұл жерде бір сұрақ бар. Кім салады деген? Сол жағына аса қатты мән берген жөн.


Қасым – Жомарт Тоқаевтың сөзінше, ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Айта кетейік, АЭС салу жөніндегі мәселенің қоғам талқысына түскеніне 1 жыл болды.


ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Менің өз пікірім, мен осыған дейін реферндум болғанда айтқанмын. Мен АЭС салуды қолдаймын. Бүгінде экономикада болсын, ауыл шаруашлығында болсын, электроэнергияның қажеттілігі жылдан – жылға өсіп келе жатыр. Көптеген елде қазір атом электр станциясы жұмыс істеп жатыр. Бізге де керегі сол. Президент алдыңғы референдумда халыққа сенім білдірді. Және осы бойынша дұрыс шешім шығатынына сенімдіміні деп те айтып өтті.


Президент 6 қазанда өтетін референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болатынын нақтылап өтті. Шын мәнінде, бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат.