30 тамыз - ҚР Ата Заңы күні күні. Айта кетейік, 1995 жылы дәл осы күні бүкілхалықтық референдумда еліміздің Конституциясы қабылданды.
Конституцияның бірінші бабында Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп көрсетілген. Оның ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі, құқығы мен бостандығы. Облыс әкімдігІ ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Бағдат Мұқанова жастарды еліміздің басты құжатында белгіленген қағидаттарды қатаң ұстануға шақырды.
БАҒДАТ МҰҚАНОВА, СҚО ӘКІМДІГІ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
- Біз әділ және прогрессивті Қазақстанды еліміздің Конституциясында жазылған заңдардың негізінде құра аламыз. Және патриоттық, тәртіп, жасампаздық және жаңашылдық секілді құндылықтарды берік ұстануымыз керек. Қазақстанның болашағы – жастар. Сондықтан, бұл жастар үшін аса маңызды.