12 тамыз - Халықаралық жастар күні. Осыған орай , елімізде республикалық «Жастармен бірге» атты челлендж өтіп жатыр. Іс-шараның алғашқы күнінде 20-ға жуық солтүстікқазақстандық жас донор болуға ниет білдіріп, жақсылық жасап жарысты.


Донор болып, адам өмірін сақтап қалуға үлес қосқысы келген кез-келген жас бұл челленджге қатыса алады. Ол үшін өтінішті инстаграм желісі арқылы беруге болады.


МАРЖАН ТӘЖІМҰРАТОВА, СҚО АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНС ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ДИРЕКТОРЫ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- Бұл жердегі біздің мақсат - жастарға дұрыс бағыт- бағдар беру. Оларды жақсылық жасауға үйрету, жақсылыққа баулу. Аздап қан берген кездің өзінде ақ бір жанның өмірін сақтап қалуға көмектесе алатынымызды түсіндіру.


Челлендждің алғашқы күнінде 20-ға жуық жас донор болуға өтініш білдірген. Облыстық қан орталығы бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы Евгения Захарова донор болудың талаптары туралы айтып берді.


ЕВГЕНИЯ ЗАХАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- Біз донор болғысы келетін адамдарды ең алдымен тексерістен өткіземіз. Оның саусағынан қан аламыз. Сосын терапевттің тексерісінен өтеді. Кейін ол адам донор бола алады ма жоқ па белгілі болады. Ең бастысы - анализдері жақсы болу керек. Денсаулығында кінәрәт болмауы қажет. Сондай-ақ, қан тапсыру алдында ешқандай алкогольді сусындар ішпей, препараттарды тұтынбауы керек.


Айта кетейік, «Жастармен бірге!» республикалық челленджі бір аптаға шақталған.