Петропавлдағы «Жас Өркен» ықшам ауданы Горький 8 мекен жайындағы 17 қабатты тұрғын үйден ыстық су мен суық суды өшіріп тастаған. 2 күн сусыз отырған тұрғындар өз наразылықтарын білдіріп әкімдікке жүгінді. Одан бөлек тұрғындардың айтуынша, жаңбыр кезінде үйдің төбесінен аққан су бірінші қабатқа дейін жетеді екен.


«Жас Өркен» ықшам ауданындағы Горький 8 мекен жайындағы тұрғындардың айтуынша көп қабатты тұрғын үйдің мәселесі көп. Жаңбырда төбесінен су сорғалап, пәтерлерге су кіреді.. Одан бөлек көрші орналасқан көпқабатты тұрғын үйдегі құрылыстың салдарынан 8 пәтердің терезесі шағылған.


НҰРДӘУЛЕТ ШАЯХМЕТ, ГОРЬКИЙ КӨШЕСІ, 8 МЕКЕНЖАЙЫ МИБ ТӨРАҒАСЫ:

- 17 этаждан бастап 1 этажға дейін үйдің төбесі тесіліп су ақты осы жуырда. 1-2 апта бұрын жаңбыр жауып осындай болды. Қазір бұл жерлерді жөндегенмен әлі де түсініксіз бізге қалай істеп жатқандары. Біздің қаншама ремонтымыз бүлініп жатыр. Біз ол ремонттар жайлы ешкімге қарсы иск беріп жатқан жоқпыз. Төлеп бер деп жатқан жоқпыз. Бізге осы үйді дұрыстап жөндеп тапсырғандары керек. Содан кейін біз ОСИ-дің барлық шоттарын ашып барлық коммуналканы өзіміз алуға мүдделіміз негізі. Бірақ біз мүдделі емеспіз дым істелінбеген нәрсе болса 4 қабырғалы үйде ғана. Бізге қуаныш ол 100 пайыз істелінген дворда тұру.


Горький 8 мекен жайының тұрғыны Гүлмира Катиенованың сөзінше ол бұл көппәтерлі үйге 8 ай бұрын көшіп келген.


ГҮЛМИРА КАТИЕНОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Жаңа баспанамызды алғанда үй әлі толығымен аяқталмағанын білдік. Лифт тексерістен өтпеген, 2 аптадай уақыт жарықсыз отырған күндерімізде болды. Ыстық суды өшіріп тастайтын. Енді міне 2ші күн мүлдем сусыз отырмыз. 17 қабатты үй. Бұл үйде зейнеткерлер, мүгедектер, кішкентай балаларымен отбасылар тұрады. Оларға қиын. Қалада тұрып осындай жағдайға жеткеніміз өкінішті.


Жауапты мердігер компанияның сөзінше «Единство» ЖШС бұл үйдің құрылысына ғана жауапты болған. Бүгінде үйді келісімшарт бойынша толығымен аяқтап тапсырған.


АНДРЕЙ КАЛИНИЧЕВ, «ЕДИНСТВО» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БОЙЫНША ОРЫНБАСАРЫ:

- Бұл үй қолдысқа берілді. Біз «Единство» ЖШС осы үйдің құрылысына жауап берген болатынбыз. Ал инженерлік желі және ішкі әрлеу жұмыстарын басқа фирма атқарды. Үйдің құрылысы бойынша жасалған келісімшарттың негізінде біз барлық жұмыстарды аяқтадық.


Қала әкімі Серік Мұхамедиев Горький 8 мекен жайындағы тұрғындармен сөйлескен. Әлеуметтік желідегі парақшасында қала басшысы тұрғындардың Қызылжар сумен келісімшартқа отыру керектігін айтты.


СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Горький көшесі 8 мекенжайындағы үйге келер болсақ, тұрғындар Қызылжар сумен келісімшартқа отырмаған. Бірақ жарты жылдың көлемінде суды қолданып келген. Сондықтан Қызылжар су кәсіпорны суды өшіруге мәжбүр болған. Бірақ біз қазір тұрғындармен сөйлестік. Олар Қызылжар сумен келісімшартқа қол қоятын болады».


Горький көшесі 8 мекен жайындағы көпқабатты тұрғын үйде 202 пәтер бар, мыңнан астам адам тұрады.