Полицияға Тимирязев ауданындағы ЖШС-дің бірінің жетекшісі жүгінген. Оның серіктестігінің аумағынан салмағы 200 тоннадан асатын ауыл шаруашылығы өнімдері ұрланған. Анықталғандай, бидай мамыр айының соңы мен маусым айының басында түнде тіркемесі бар «КАМАЗ» жүк көліктерімен шығарылған. Келтірілген шығын шамамен 32 млн теңгені құрайды. СҚО ПД кримимналдық полиция басқарамасының қызметкерлері аудандық полиция бөліміндегі әріптестерімен бірлесіп, күдіктелерді ұстады. Олар 1982 және 1985 жылы туған екі ер азамат болып шықты. Сондай-ақ, Қостанай облысындағы сатып алушы анықталды.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Барлық автокөліктер табылды. Енді күдіктілердің мүліктері тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Осы орайда, СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Асқар Мұхаметқалиев Кәсіпкерлік объектілерінің иелеріне аумақты қоршауға, объектілерді бейнебақылаумен, сигнализациямен, күзетпен күшейтуге кеңес берді. Аталған шаралар аумаққа заңсыз кірумен байланысты мүліктік қылмыстарды жасау қаупін айтарлықтай төмендететіндігін жеткізді.