«Ардос Жүрек» қоғамдық бірлестігі мүгедектігі бар адамдар үшін облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастырды. Мұнда олар туған өлкенің тарихымен танысты. Қатысушылардың назарына бірегей құжаттар мен экспонаттар ұсынылды.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға жүріп-тұру, серуендеу қиын. Сондықтан уақыты көбіне төрт қабырғада өтеді. Бүгінгі облыстық музейге саяхат оларды бір серпілтті. Ұйымдастырушылардың мақсаты да осы - мүгедектігі бар адамдардың психоэмоционалды жағдайын жақсарту.
САБИНА ИСҚАҚОВА, «АРДОС ЖҮРЕК» МҮГЕДЕКТЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ КООРДИНАТОРЫ:
- Біз қазіргі таңда жастардың жекелеген санаттарымен жұмыс істеу бойынша іс-шаралар ұйымдастырып, сол бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Солардың бірі Абылай хан резиденциясына барып өткізген экскурсиямыз. Балалардың ата-аналары да өздері де мұндай экскурсияларды жақсы көреді және үнемі қалмай баруға тырсады. Осындай жұмыстардың нәтижиесінде біз патриотизмнің дамуына, сондай-ақ психоэмоционалды жағдайдың жақсаруына ықпал етеміз.
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен экскурсияға 8 адам қатысты. Солардың бірі – Эмма Пинигина. Ол қызы екеуі мұндай іс-шараларға жиі қатысып отырады екен.
ЭММА ПИНИГИНА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:
- Қызым екеуіміз «Солнечный дом» қоғамдық қорының атынан «АРДОС ЖҮРЕК» қоғамдық қоры ұсынатын барлық іс-шараларға қатысамыз. Біз арт-терапияда 2 рет болдық. Бүгінде осы мұражайға келу мүмкіндгі туды. Біз музейде жиі боламыз, бірақ тағы бір рет келуді шештік. Себебі бұл біздің балаларымыз үшін өте қызық. Бізді ұмытпай барлық іс-шараларға шақырып жүргеніне өте қуаныштымыз. Барлығына үлкен рахмет.
Айта кету керек, "Ардос Жүрек" қоғамдық бірлестігі 10 жыл ішінде мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған 30-дан астам жобаны іске асырды.