2025 жылы ұлттық ауылшаруашылық санағын өткізу жоспарланған. Әдістемені тексеру мақсатында биыл елімізде тамыз айында пилоттық жоба іске қосылады. Облыста санақ Қызылжар ауданының Бескөл, Айыртау ауданының Сырымбет ауылында және Петропавл қаласында жүргізіледі.
Пилоттық жоба аясында малы-құсы бар заңды тұлғалар, шаруа қожалықтары, қалалық жерлердегі саяжай тұрғындары арасында санақ өткізіледі. Облыс орталығында 500-ге жуық жеке үй мен саяжай учаскесі іріктеліп алынды. Сауалнама барысында тұрғындар мал басының, ауыл шаруашылығына байланысты әртүрлі құрылыстар, техникалар сонымен қатар егіс алқабындағы дақылдар жайлы мәлімет беруі тиіс. Айта кетейік оны құжат түрінде растау қажет емес.
МАРАЛ НҰРЖАУЫПОВА, СҚО ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- 2024 жылғы 20 тамыздан 30 қыркүйекке дейін оn-line режимінде sanaq.gov.kz Web-порталында, бұл қосымшаны қызмет түрі «Ауыл шаруашылығы» барлық заңды тұлғалар, шаруа (фермер) қожалықтары және жеке меншік секторында тұратын немесе саяжай телімдері бар үй шаруашылықтары пайдаланып, сұрақтарға өз бетінше жауап бере алады. 2024 жылғы 20 тамыздан 3 қыркүйекке дейін интервьюерлер жеке сұрақ қою мақсатында, планшетті пайдаланып, жеке қосалқы шаруашылықтар мен саяжай телімдерін аралап шығады.