Тасқын салдарымен күрес жалғасып жатыр. Петропавлдағы Ойқала ықшам ауданындағы үйлердің жартысына жуығы апатты деп танылғандықтан бұзылмақ. Уәлиханов ауданынан келген механикалық бригада 134 үйге жауапты.
Ойқала ықшам ауданының тұрғыны Галина Капустина Уәлиханов ауданынан келген механикалық бригаданың жұмысына дән риза. Тасқын кезінде үйге кірген су терезе жақтауына дейін көтерілген. Арнайы комиссия баспананы жөндеуге 6 млн 200 мың тенге қажет деп бағалаған.
ГАЛИНА КАПУСТИНА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:
- 2 бөлме дайын. Мамандар күні түні осы жерде жүріп үйімді қалпына кетіруге көмектесіп жатыр. Мен істеген жұмыстарына ризамын. Басында пәтер жалдап тұрып жүргенбіз қазір осы үйімізге кірдік.
Уәлиханов ауданынан келген механикалық бригада Ойқала ықшам ауданында 10 мамырдан бері жұмыс істеп жатыр. 35 адам үйлерді жөндеу жұмыстарына кіріскен. Сонымен қатар тасқынның салдарымен күреске жүк көліктер, 8 шахман, 1 эксковатор жұмылдырылған.
ТАЛҒАТ САҒИТОВ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Бастапқы кезде мына үйлерге оценка жасадық Барлығы 146 үйге жауапты болдық. Сол 146 үйдің 115-і техникалық қорытынды бойынша жарамсыз болып шықты. Кейін осы үйлердің иелерін шақыртып арыздарын алып сүру жұмыстарын бастадық.
Бүгінде Уәлиханов ауданының мехбригадалары Ойқала ықшам ауданынан 6 300 тонна қоқыс шығарды.