Петропавлдағы Жұмысшы кентінде мотоцикл мен Honda Accord көлігі соқтығысып, салдарынан 17 жастағы мотоцикл жүргізушісі ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Жасөспірімнің халі нашар, 2 литр қан жоғалтқан және оның бірнеше сүйегі сынған.


Жасөспірім қазір облыстық көпбейінді балалар ауруханасының реанимациялық жансақтау бөлімінде жатыр. Ауыр жағдайда жеткізілген оған 3 сағаттық шұғыл ота жасалып, көк бауыры мен бүйрегі алынып тасталды. Десе де, баланың өміріне әлі де қауіп төніп тұр. Дәрігерлер қолдан келген көмекті аямаймыз деп отыр.


АСЫЛХАН ЖАҒЫПАРОВ, СҚО КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ЖАРАҚАТ ЕМДЕУ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Бала түскен кезде бас миының соғылуы, ішкі мүшелерінің зақымдануынан тыс қан кету, көк бауыр және бүйректің жыртылып, сол жақ өкпесі зақымданған. Денесінеде кептеген ашық жаралар бар. Сол жақ сан сүйегі сынған. Баланың жалпы жағдай өте ауыр.