Биыл өңірде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 40 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 1 бала мерт болып, 46-сы түрлі дене жарақатын алды. Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейтті.
Велосипедтер, электрлі самокаттар - екі доңғалақты көліктің мұндай түрлері жазда облыс орталығының балалары мен жастары арасында кеңінен танымал. Осы орайда көптеген жасөспірім «жаяу жүргіншілер жолағын» кесіп жүйткіп өтіп жатады. Ал бұл заңбұзушылық.
- В темное время суток Вы обязаны светоотражающий жилет иметь. Вам запрещается выезжать на проезжую часть дороги. И при переходе на зеленый сигнал светофора, Вы подъезжаете к перекрестку; останавливаетесь, спешиваетесь, электросамокат берете в руки и переходите дорогу на зеленый сигнал светофора. Также и на пешеходном переходе; останавливаетесь, убеждаетесь в безопасности перехода, после чего — переходите.
Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер, соның ішінде ересектер арасында жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Заңбұзушылықтың дәл осы түрі әдетте жиі тіркеледі. Тек облыс орталығының өзінде ғана бір күн ішінде белгіленбеген жерлерден өтудің ондаған фактісі тіркеледі.
Аягөз Есмағамбетова, СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы:
- Соңғы кезде облыс аумағында балалардың қатысуымен жол көлік оқиғалары жиілеп кетті. Талдау көрсеткендей балалар жол қзғалысы ережелерінің талаптарын өрескел бұзады. Құрметті ата-аналар күн сайын балаларыңыздың аулаға ойнауға немесе велосипедпен жібермес бұрын балалармен жолда жүріс ережелерін қатаң сақтау туралы әңгіме жүргізіп, көшеден қалай және қайда өту керектігін өз мысалымен көрсетіңіз.
Петропавл қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің кезекті профилактикалық рейді барысында скутер мен велосипед жүргізушілері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыс Қазақстан Конституциясы көшесі бойында, Жұмысшы кентінде және айналма тас жолында өткізілді. Балаларға және олардың ата-аналарына жол қозғалысы ережелері, жолдардағы қауіпсіздіктің негізгі шаралары туралы айтылып, жадынамалар таратылды.