Жыл басынан бері өңірде сыбайлас жемқорлықТЫҢ 36дерегі тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9% көп. Сонымен қатар биыл 37 адам сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталды, 14 іс сотқа жіберілді.
Биыл осы санаттағы қылмыстардың 25-ін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, 3-ін – ішкі істер органдары, 5-ін – ҰҚКД, 3-ін – экономикалық тергеу қызметі анықтаған. Ұсталғандардың ішінде пара алғандар, мемлекет мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлағандар да бар. Жемқорлыққа қатысы бар әр азамат 3 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе 100 -ден 1500 АЕК-ке дейін айыппұл төлейді. Сондай ақ мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына шеттетіледі.
МАРАТ ҚАЗИЕВ, СҚО ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ:
- Биыл өңірімізде ірі кәсіпорындардың бірінде жемқорлық дерегі тіркелді. Бұл кәсіпорнының бұрнғы басшысы 100 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара алған. Іс Петропавл қалалық сотында қаралды. Ер адам 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.